{metadescription}
“Аустралия оупен ” додасында ресейлік теннисші  қыздар басқаларға дес бермей келеді
“Аустралия оупен ” додасында ресейлік теннисші  қыздар басқаларға дес бермей келеді

“Аустралия оупен ” додасында ресейлік теннисші қыздар басқаларға дес бермей келеді

Мельбурнде өтіп жатқан “Аустралия оупен ” додасында ресейлік теннисші қыздар басқаларға дес бермей келеді. Ширек финалдан орын алған үздік сегіздің төртеуі - орыс қыздары. Өз кезегінде жартылай финалға шыққан алғашқы теннисші де осы елдің өкілі болып тұр. Ширек сында француз Марио Бартолиді басып озған Вера Звонарева, ендігі жерде басқа кездесулердің нәтижесін күте тұратын болады. Әлемнің екінші ракетасы Серена Уильямс ширек финалдық бәсекені айналып өтті десек артық айтпаған болармыз. Олай дейтініміз, жап-жақсы басталған ойынның алғашқы кезеңін өз пайдасына шешкен Белорусь елінің...

ннисшісі Виктория Азаренко, екінші сеттегі есеп 2:3 ке жеткенде, аяқ-астынан өзін нашар сезініп, бәсекені тоқтатуға мәжбүр болды. Шаппай жеңіске жеткен Серена Уильямс, бүгін ресейлік Светлана Кузнецовамен сынға түседі. 3:6, 2:6 және 4:6 есебімен чилилік Фернандо Вердасконы қапы қалдырған әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль, бүгінгі ширек финалда француз Жиль Симонмен кездеседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.