{metadescription}
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры мен бас есепшісінің  жемқорлығы анықталды
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры мен бас есепшісінің  жемқорлығы анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры мен бас есепшісінің жемқорлығы анықталды

Жемқорлық та білім жүйесін жегі құрттай іштеп жеп жатыр.Жыл басталмай жатып, Оңтүстік Қазақстан облысының тағы бір мектеп директоры тергеуге алынды.

Тимур Нақыпбеков, ОҚО бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Мектеп директоры мен бас бухгалтері осы мектептің мұғалімдерінің денсаулығын сауықтыруға бөлінген қаражатты өздеріне алып отырған. Заңсыз іс-әрекеттері арқылы мектеп директоры және бас бухгалтері мемлекеттен бөлінген 5 миллион теңге қаражатты ысырап еткен.

Директор мен бухгалтердің заңсыз әрекетінен мезі болған мектеп ұстаздары қаржы полициясына арыз жазған. Тексеру барысында олардың мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төлеп отырғаны анықталды. Директор былтыр зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерге жалақы төлеп келген. Оған қоса, мектеп ұжымының тізімінде «аты бар да, заты жоқ» ұстаздардың болғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.