{metadescription}
Делидегі бас көшелердің бірі Ұлы Абайдың есімімен аталады
Делидегі бас көшелердің бірі Ұлы Абайдың есімімен аталады

Делидегі бас көшелердің бірі Ұлы Абайдың есімімен аталады

Үндістанның астанасы – Делиде ұлы Абайдың есімі берілген көше бар. Әзірге бұл Делидегі қазақ елі данышпанының есімімен аталған жалғыз көше. Алдағы уақытта үнділер мемлекетімізбен мәдени қарым-қатынасын күшейтпек. Бұл мақсатта Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабы хинди тіліне аударылды. Біздің тілшіміз Дина Төлепбергенова екі ел өміріндегі бұл маңызды қос шараның куәгері болып қайтты.

Үндістанда бай мен кедейдің ара қашықтығы көзге ұрып тұр. Халқының 70 пайызы қайыршының күнін кешуде. Бұларды мұнда «шудралар», тура аударғанда «құдайдың аяғы» деп атайды. Үнділер өздерінің осынау жетімсіреген жүдеу күйіне деген философиялық көзқарасы таң қалдырмай қоймайды. Мысалы Сами Джеймс – брахман, яғни ауқаттылар мен құрметтілер табына жататын кісі. Касталық міндетіне сәйкес, ол ғылыммен айналысады. Оның айтуынша, ежелгі будда заңын ешкімнің бұзуға хақысы жоқ. Өйткені, егер үнді бұл дүниеде өмірін өзгертсе, анау өмірде жаратушы иенің қаһарына тап болады.

Сами Джеймс, мәдениеттанушы:

-Адамның қандай қызмет атқаратыны, қайда тұратыны біз үшін маңызды емес. Өйткені, біз әрбір адамның құдайдан дарыған өзіндік ерекшелігі бар деп білеміз. Яғни материалдық жағынан кедей болғанымен, оның рухани өмірі бай болады.

Бүгінде Сами ТМД елдерінің мәдениетін зерттеп жүр. Сондықтан орыс тілін жетік біледі. Ол қазақ елін Абайдың мұраларынан таныпты. Делиде қазақтың дана перзентінің есімімен көшелердің бірі аталады.

Қашықтығы шағын болғанымен, бұл көшені білетін жұрт көп. Делиде 15 миллионнан астам, яғни бір қалада бүкіл Қазақстан халқындай адам тұратынын ескерсек, күніне осы жолмен қанша жанның жүріп өтетінін есептей беріңіз... Өкініштісі сол, әзірге мына жазбадан басқа бұл жолдың Абай есімімен аталатынын айқындайтын нақыш жоқ. Бірақ алдағы уақытта елшілік мұнда ұлы ақынның тас мүсінін орнатып қоймақ.

Абайдың Үндістандағы жолымен туристер көп жүреді. Өйткені жолдың бойында Делидің ең қымбат такси тұрағы орналасқан. Бұл - амбассадор. Ресейдің «Москвич», ағылшындардың «GUP» көліктеріне ұқсас машиналарды үнділер ұлттық нақыш ретінде қастерлейді.

Раджу Кумар, көлік жүргізушісі:

-Бұл өте ыңғайлы көлік. Бәріне ұнайды. Біздің елдің жоғарғы шенді-шекпенділері, тіпті Премьер-министрдің өзі осы көлікпен жүреді. Сондықтан мен амбассадорды басқа көлікке еш уақытта айырбастамаймын.

Бірақ Раджуның жүргізетін көлігіне Үндістанның Премьер-министрі ешқашан мінбейді. Өйткені оның түсі - ала. Биліктегі адамдарға арналған амбассадор - ақ не қара түсті болуы тиіс. Ал Абай көшесіне іргелес жатқан көшеге де таяу уақытта тағы бір ұлы қазақтың – Мұхтар Әуезовтың есімі берілмек. Мұның сыртында, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы хинди тіліне аударылды. Бұл шаралардың барлығы Үнді қоғамының қазақ елімен тек экономикалық емес, мәдени байланысын да дамытуға мүдделі екендігінін білдірсе керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде