{metadescription}
Елімізде қан тапшы
Елімізде қан тапшы

Елімізде қан тапшы

Елімізде қан тапшы. Республикалық қан орталығы медициналық мекемелердің тапсырысын орындай алмай жатыр. Өйткені донорлардың саны екі есеге азайған.

Гүлсағира Сәрсембина, “Қазақстандағы донорлар қауымдастығының” директоры:

- Бізге көбіне запас керек, мысалы түнде болсын, күндіз болсын запас бізде тұру керек. Қазіргі таңда жоқ болып отыр. Донорлар саны қазір аз. Әсіресе ақысыз, өз еркімен қан беруші донорлардың саны аз.

Әсіресе қаны теріс резусты топқа жататын адамдардың жағдайы қиын. Еліміз бойынша қанның бұл түрі тұрғындардың тек 10-15 пайызында ғана кездеседі. Бұрын қан орталықтарында арнайы қор болатын. Бүгінде ол таусылған. Оның үстіне ақысыз қан тапсыратын донорлар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарыпты. Ал ақылы қан тапсырушыларға талап күшейгендіктен, ақша үшін қан өткізетіндердің саны азайған. Қазақстанның донорлар қауымдастығы мен Республикалық қан орталығы өз еркімен қан тапсыратын адамдарды табу мақсатында жоғарғы оқу орындары мен мекемелерді аралап жүр. Келесі аптада біздің арнаның ұжымы да осы донорлардың қатарын толықтырып, қан тапсырмақ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде