{metadescription}
Шығыс Қазақстанда қалың қардың салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды
Шығыс Қазақстанда қалың қардың салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Шығыс Қазақстанда қалың қардың салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Шығыс Қазақстанда қалың қардың салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Қазір мұнда тұрғындардың алыс жолға шықпауы қадағаланып, қар көшкіні болуы ықтимал аймақтарға қатынас тоқтатылды.

Бауыржан Жүрекбаев, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:

-2-ші ақпаннан бастап Өскемен-Северная-Серебрянка жолдары жабылған. Қар көшкіні қауіптілігі мен қатты боранға байланысты Өскемен-Қалбатау автокөлік жолы жабық.

Облыста қардың толассыз жауғанына 3 күннен асты. Мамандар қала көшелерін қардан тазартып үлгермей жатыр. Метеорологтардың айтуынша, қар былтырғы жылмен салыстырғанда 7 есе қалың жауған. Сондықтан көшені қардан тазарту үшін коммуналдық қызмет екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті. Қала сыртындағы аудандармен қатынас та қиындады. Жыл басынан бері 20-дан астам қар тоқтату шаралары өткізілсе де, қар көшкіні қаупі сейілмей тұр. Мамандар: «қолайсыз ауа-райы әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін», - дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде