{metadescription}
Қарағандыдағы цирк ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағандыдағы цирк ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарағандыдағы цирк ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды қаласындағы 30 жылдық тарихы бар орталық Цирк ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мәдени орталықтың салыну тарихы жергілікті тұрғындардың әлі есінде. Кеңес Одағы кезінде Цирк ғимаратының құрылысын Қарағанды қалалық мәдениет бөлімінің басшылары Орталық комитеттің рұқсатынсыз бастайды. 1982 жылы ашылу салтанаты кезінде, құрылысшылар сый-сияпат алудың орнына, жауапқа тартылған еді. Осы орталық цирктің ғимаратын жөндеуге қалалық бюджеттен 700 млн. теңге бөлінді. Соңғы технологияны пайдаланып, сапалы материалдармен өңдеп жатқан құрылысшылар, алғашқы қойылымды тұрғындар осы жылдың соңында көретін болады деп отыр.

Михаил Розенберг, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды облыстық филармониясының бас инженері:

-Алғаш бұзу жұмыстары жүріп жатқанда ерекше қызыққа тап болдық. Цирк ғимаратының керегелері тек кафельден тұрғызылған екен. Ал оның ішіндегі қуысты тек құммен толтырған. Ешқандай цемент пайдаланылмапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.