{metadescription}
Жүрек ақауымен туған балаларға тегін операция жасалды
Жүрек ақауымен туған балаларға тегін операция жасалды

Жүрек ақауымен туған балаларға тегін операция жасалды

Бүгін Алматыда жүрек ауруымен дүниеге келген 3 балаға тегін операция жасалды.

Олардың барлығы жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан 3 айдан 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Осындай кеселмен елімізде жылына 3 мың сәби туылады. Осы 1 жасқа дейінгі балалардың салмағы тек 10 келіден асса ғана отандық дәрігерлердің операция жасауға мүмкіндігі бар. Ал салмағы 10 келіге жетпеген нәрестеге операция жасайтын құрал-жабдық біздің елде жоқ. Сондықтан бүгін итальяндық мамандар өздерімен алып келген медициналық құрылғылардың көмегімен тіпті салмағы 3 келілік сәбидің жүрегіне операция жасады. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, Денсаулық сақтау министрлігі хирургия орталығына мұндай техниканы тек 2-3 жылдан кейін ғана сатып әпермек.

Қайрат Қуатбаев, кардиохирург:

-Сол балалардың 70 пайызына өмірінің бірінші жылында операция жасалмаса, өміріне қауіп төнеді. Тіпті шетінеп кетуі мүмкін. Қазіргі кезде елімізде ондай балаларға көмек көрсету деңгейі өте төмен. Оларға біз көмектесе алмасақ, шетелге жіберуге мәжбүрміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде