{metadescription}
Еуропаның көпшілік елдері ауа-райының қолайсыздығынан жапа шегіп отыр
Еуропаның көпшілік елдері ауа-райының қолайсыздығынан жапа шегіп отыр

Еуропаның көпшілік елдері ауа-райының қолайсыздығынан жапа шегіп отыр

Еуропаның көпшілік елдері ауа-райының қолайсыздығынан жапа шегіп отыр. Атлантика мұхитынан сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл Францияның солтүстік-батыс жағалауындағы елді мекендерді қиратып, жарты миллионға жуық үйді жарықсыз қалдырса, таяуда қалың қардың астында қалған Ұлыбританияда су тасып жатыр.

Айлақтарда тұрған бірнеше қайықтар мен балық аулайтын траулер теңізге батып кетті. Табиғаттың тосын мінезі жағалаумен шектес көлік магистральдарының жұмысына да кесірін тигізді. Көптеген жол оқиғалары тіркеліп, елді-мекендердерді жалғастыратын транспорттық байланыс тоқтап қалды. Ал Ұлыбританияда құтқарушылар жүздеген адамды қауіпсіз жерлерге көшіруге мәжбүр болды. Мамандардың бағалауынша, су тасқынынан ең көп зардап шегіп отырған Вустершир және Глостершир графтықтарының жағдайы өте қиын. Түнгі нөсердің салдарынан елде бірнеше өзен арнасынан асып кетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде