{metadescription}
Шымкент: жарылыс салдарынан 6 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты
Шымкент: жарылыс салдарынан 6 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты

Шымкент: жарылыс салдарынан 6 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты

Шымкенттің іргесіндегі Тассай ауылындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, соның салдарынан 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға түнгі сағат 10 шамасында орын алған. Жарылыстың күші қатты болғаны соншалық, тұрғын үй толығымен қираған. Ауруханаға жеткізілгендердің барлығы 3 пен 19 жас аралығындағы бір үйдің балалары. Денесінің 80 пайызынан астамы күйіп қалған 19-жастағы бойжеткен ауруханада көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, жарылыс өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан болған. Айта кетерлігі, апат болардан бірнеше сағат бұрын үйде бір топ қонақтар болған екен. Ал жарылыс кезінде үйдің ересектері тойда жүрген.

Нұржаубай Сейітов, зардап шеккендердің туысы:

-Бағана түстен кейін келіп, осы үйден дәм-тұз татып кеткенбіз. Содан кафеде тойда отырғанымызда «жарылыс болды», - деді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде