{metadescription}
Бильярд: семейлік Әуез Елубаев Әлем кубогының иегері атанды
Бильярд: семейлік Әуез Елубаев Әлем кубогының иегері атанды

Бильярд: семейлік Әуез Елубаев Әлем кубогының иегері атанды

Алматыдағы «Аралас пирамида» бәсекесіндегі Әлем кубогында 22 елден келген кий шеберлері өз өнерлерін ортаға салды. Биылғы жарыста 65 бильярдшы шеберлік танытты. Жүлде қоры - 25 мың АҚШ долларын құраған сын төрт күнге созылып, бильярд столындағы шиеленіскен бәсекелер жанкүйер қауымның көңілінен шықты.

Жартылай финалға шыққан төрт спортшы арасынан алты мәрте жеңіске жеткені ғана ақтық сынға жолдама алды. Әлем кубогының иегерін анықтайтын шешуші кездесу қос қазақстандық ойыншының арасында өтті. Бас жүлдені өткен жылғы Әлем кубогінің иегері атанған Әлихан Қаранеев пен ел чемпионы Әуез Елубаев сарапқа салды. Бастапқыда Әуезді айқын басымдықпен ұтып келе жатқан Әлиханның соңғы сәтте жүйкесі сыр берді. Тартысты ойын алты да бес есебімен семейлік Әуез Елубаев пайдасына шешілді. Әуез Әлем кубогының иегері атанды. Қола жүлдені осы турнирдің 2007 жылғы жеңімпазы украиналық Александр Паламарь мен ресейлік Даниил Богушевский өзара бөлісті.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде