{metadescription}
Лос-Анджелесте Оскар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті
Лос-Анджелесте Оскар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті

Лос-Анджелесте Оскар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 81-ші “Оскар” сыйлығы табысталды. Биыл Америкалық киноакадемияның бас жүлдесін Ұлыбританиялық режиссер Дэнни Бойлдың “Қарадан шыққан миллионер” фильмі иеленді.

Сондай-ақ, Дэнни Бойл “Ең үздік режиссер” аталымы бойынша да жеңімпаз деп танылды. Фильм – “Миллион кімге бұйырады?” сайысында жеңіске жетіп, байлық пен мәнсапқа кенелген үнді баласы жөнінде. “Қарадан шыққан миллионер” картинасы бірден 8 марапатқа ие болса, оның басты бәсекелесі “Бенджамин Баттонның жұмбақ оқиғасы” фильмі үш номинация бойынша жеңіске жетті. Ең үздік ер актер - Шонн Пенн, Кейт Уинслет “Үздік актриса” атағына ие болды. Ал Оскар сыйлығынан екі номнация бойынша сынға түскен отандасымыз, режиссер Тимур Бекмамбетовтың “Аса қауіпті” фильмі биыл жүлдеден құр қалды. “Қарадан шыққан миллионер” картинасында басты рөлді сомдаған 8 жасар Рубина Әлидің отбасы мен туыстарының қуаныштарында шек жоқ. Бұл салтанатты шараны тамашалауға Мумбайдың орталық көшелеріне мыңдаған адам жиналды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде