{metadescription}
Шымкент: туған баласын «қолды қылған» әйел
Шымкент: туған баласын «қолды қылған» әйел

Шымкент: туған баласын «қолды қылған» әйел

Оңтүстік Қазақстан облысында туған баласын «белгісіз біреулер ұрлап әкетті» деп, полицияға жалған ақпарат берген әйел қолға түсті. Қазығұрт ауданының ІІБ-на З7 жасар тұрғыннан “ұлымды белгісіз біреулер ұрлап кетіп, ақша талап етіп отыр” деген арыз түскен. Жедел із-кесу шараларын қолға алған тәртіп сақшылары күтпеген жағдайға тап болды.

Полицияға берген арызында әйел, ұрылар “400 мың теңге тауып бермесең, балаңды өлтіреміз” деп ұялы телефонына SMS-хат жібергенін айтады. Бірақ содан кейін қылмыскерлер хабарсыз кеткен. Осыдан барып тәртіп сақшылары ұрылардың шын мәнінде бар екеніне күдіктене бастайды. Әйелдің өзін тексере келе, оның таныстарына қарызы бар екені белгілі болған. Жедел іздестіру шарасы барысында баланы ешкім ұрламағаны анықталды. 15 жасар ұлын анасы өз құрбысының үйіне жасырған. «Ұлымды ұрлап кетті» деген сылтаумен туыстарынан ақша жинап, қарызынан құтылмақ болыпты. Тіпті бұл арам ойын күйеуіне де айтпаған. Енді жалған жәбірленуші қарызынан құтылмақ түгілі 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдікті:

- 150 мың теңге қарыз алған едім, осыдан 2-3 жыл бұрын. Өсімімен бірге 400 мың теңге болғанда, ол кісі менен қолхат алды. «400 мың теңге қарыз» деп. Осыдан кейін екі жылдық өсімі өсіп бара жатыр. Сол қарыздан құтылу үшін мен осындай жолға бардым.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.