{metadescription}
Жамайкалық  спринтер  Асафа Пауэлл Мельбурндегі жарыстың  жеңімпазы атанды
Жамайкалық  спринтер  Асафа Пауэлл Мельбурндегі жарыстың  жеңімпазы атанды

Жамайкалық спринтер Асафа Пауэлл Мельбурндегі жарыстың жеңімпазы атанды

Жамайкалық спринтер Асафа Пауэлл Мельбурндегі жарыстың жеңімпазы атанды. 100-метрлік қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмаған әйгілі желаяқ мәре сызығын 10,23 секундта қиып өтті.

Биылғы маусымды Австралия елінде бастаған жамайкалық атлет, осыдан бес күн бұрын Сиднейде өткен халықаралық турнирге қатысып, 400-метрлік қашықтыққа жүгіруден төртінші нәтиже көрсеткен еді. Оның Сиднейдегі көрсеткіші жаман болған жоқ. Өзінің осы дистанциядағы рекордын жаңартқан Асафа Пауэлл, Мельбурнде 100-метрлік қашықтықта бақ сынады. Жарыс жолын 10,23 секундта жүгіріп өткен әйгілі желаяқ бас бәйгені иеленсе, оның отандасы Неста Картер күміс жүлдені еншіледі. Сырықпен секіру секторында Пекин олимпиадасының чемпионы австралиялық атлет Стивен Хукердің бағы жанды. Бұдан бұрын Сиднейде топ жарған Хукер , бүгінгі турнирде 5метр 95 см биіктікті бағындырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде