{metadescription}
«Наурыз-думан» әнінің шырқалып келе жатқанына биыл 20 жыл толады
«Наурыз-думан» әнінің шырқалып келе жатқанына биыл 20 жыл толады

«Наурыз-думан» әнінің шырқалып келе жатқанына биыл 20 жыл толады

Тәуелсіздік туы желбірегеннен кейін наурыздың да тойлану үрдісі өзгеріп, қанаты кеңге жайылды. Наурызбен бірге халықтық дәстүр қайта жаңғырып, салт-дәстүріміз де байи түскендей . Сауықшыл халқымыз наурызды әнге де қосып жырлайтын болды. Осы орайда Мұқағали ақынның сөзіне жазылған «Наурыз - думан» әні еріксіз еске түседі. Әнге жан бітіріп, оны халықтың әуеніне айналдыра білу де тек әншінің әншісіне ғана бұйырады.

Жұрттың аузы аққа тиіп, күннің нұры шуақтана бастаған шақта келетін әз-Наурызды әр жыл сайын халқымыз асыға күтеді. Біздің қазақ Наурыз мейрамын тек қыдырып көже ішумен ғана өткізбеген. Бұрын бұл күні бүкіл ауыл болып таң шапағын қарсы алатын жақсы үрдіс қалыптасқан. Бір-біріне ақ тілек айтып көрісу де болған, бірақ ол қазір еліміздің тек Батыс өңірінде ғана сақталған. Осындай ерекшеліктерін жіліктей бастағаннан-ақ, «Наурыз» тойының танымдық та, тәрбиелік те мәнінің зор екенін байқауға болады. Қазақтың әдет-ғұрпының бәрін бейнелейтін ұлттық сипаттағы Наурызды әнімен әрлеп жүрген әншінің бірі - Роза Рымбаева.

Роза Рымбаева, Қазақстан Республикасының Халық әртісі:

-Ең бірінші менің авторларым, композитор Талғат Сарыбаев пен ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармалары. Ал енді орындаушысы менмін. Мен де осы әнді орындаумен өз үлесімді Наурызға қосып жүрмін. 20 жылдан бері қаншама әндер жазылып жатыр…Бірақ менің осы әнімнің орны ерекше. Себебі, көптеген көрермен осы әнмен наурыздың көрінісін көз алдына елестеді.

Ән әлемін 3 тағаннан тұрады деуге болады. Ақыны ақиық, сазгері саңлақ, орындаушысы тума талант болғанда ғана әннің бағы жанып, әншінің аты озатыны белгілі.

«Наурыз» әнінің айтылып келе жатқынына биыл тура 20 жыл.

Бірақ ол уақыт өткен сайын өңі кіріп, екінші тынысы ашылғандай тыңдаушысын жалықтырар емес.

Роза Рымбаева, Қазақстан Республикасының Халық әртісі:

- Қазақтың тойы болғандықтан, күйі болу керек. Күй орындалған кезде ат шабыс, Сарыарқадағы қыз қуу, киіз үйлер, тойдың көрінісі болу керек.

Ұйықтап жатқан жүректерді әніменен әлдилеп келе жатқан жұлдызды әнші «Наурыз-думанды» биыл да орындайды. Өйткені ол - әншінің репертуарындағы шоқтығы биік туынды. Ән падишасынан «Наурыз - думанды» бөліп алып, бөлек қарауға болмайды. Өйткені олар тұтасып бір әлемге айналып кеткелі - 20 жыл.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде