{metadescription}
Жазасын өтеушілерге тұңғыш рет түрме әкімшілігі ән-шашу дайындады
Жазасын өтеушілерге тұңғыш рет түрме әкімшілігі ән-шашу дайындады

Жазасын өтеушілерге тұңғыш рет түрме әкімшілігі ән-шашу дайындады

Күн мен түн теңескен Наурыз мерекесінің шуағы темір тордың ар жағында да сезілді. Ежелден келе жатқан мейрам Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерде де аталып өтілуде. Мерекелік дастарханнан үйдің дәмін татқан жазасын өтеушілерге тұңғыш рет түрме әкімшілігі ән шашу дайындады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы уақытша қамау изоляторында ісі тергеуде жатқан 300-ден астам жан отыр. Сот шешімі бойынша бірінші рет істі болған, жасаған қылмысы ауыр емес 40 шақты адам осы жерде жазасын жеңілдетілген түрде өтеуге қалдырылған. Наурыз мерекесі қарсаңында түрме әкімшілігі оларға туыстарымен кездесуге рұқсат берді. Руслан Қайдаров жарты жыл көрмеген қызын айналып-толғанып отыр. «Өсіп қапты»,- дейді.

Сұрағановтар отбасы баласын көруге төрт көздері түгел келіпті. Отағасының зайыбы бауырсақ пісіріп, түрме тамағына запы болған баласына үйдің дәмін таттырып жатыр. Баяғыша бүкіл отбасы жиналғанымен, түрме ішінде жайылған дастархан ана жүрегіне ауыр тиген сыңайлы.

Зияд Ысқақов 5 жылға сотталған. Бала кезінде ауылдастарының наурызды жасырын тойлатыны әлі есінде.

Зияд Ысқақов, жазасын өтеуші:

- Ол кезде жас болсам, есейген соң түсіндім. Ол кезде қудалайтын еді. Дін жағынан намаз, құран оқу үшін кітаптарды сарайға тығып қоятынын өз көзіммен көрдім.

Жыл сайын мейрам қарсаңында концерттік бағдарламаны сотталғандар дайындайтын. Биыл бұл үрдістен айныған колония ұжымы «ән шашуды өзіміз әзірлейміз» деп шешіпті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде