{metadescription}
Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КТК телеарнасы сый жасады
Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КТК телеарнасы сый жасады

Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КТК телеарнасы сый жасады

Алматыдағы №1 балалар үйі Наурыз мейрамын тойлауды бастап та кетті. Мекеме тәрбиеленушілері Ұлыстың Ұлы күніне бар ынтасын қойып дайындалған. Бірі – мың бұралып билеп, ән салса, тағы бірі – күй шертіп, көрініс қойды.

Кешеден бері балалар үйіне жан-жақтан қонақтар ағылып жатыр. Ешкім де құр қол келмеген.Оларға жас өрендер де өз кәделерін әзірлеп қойыпты. Біздің арна өкілдері де жасөспірімдерді 23-ші наурызда өтетін “Мәссаған” әзіл-сықақ кешіне шақырып, оларға осы кешке билет сыйлады. Жас өнерпаздар енді нағыз әртістердің, кәсіби шеберлердің өнерін тамашалуға Республика сарайына баратын болды.

Зияда Қыстаубаева, Алматы қаласы № 1 балалар үйінің директоры:

-Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен барлығымыз құттықтаймыз! Амандық болсын, молшылық болсын, бейбітшілік болсын, тыныштық болсын!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде