{metadescription}
Бас мүфти елордалықтарды жағымды жаңалықпен құлағдар етті
Бас мүфти елордалықтарды жағымды жаңалықпен құлағдар етті

Бас мүфти елордалықтарды жағымды жаңалықпен құлағдар етті

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне де санаулы күндер қалды. Осындай жалпыхалықтық үлкен мерекені қарсы алу үшін Арқа төсіндегі жұрт та қарап отырған жоқ. Қазір Астанада бұл мерекеге деген дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда алғашқылардың бірі болып, “Нұр-Астана” мешітінде барша қазақстандықтарды құттықтаған Бас мүфти елордалықтарды жағымды жаңалықпен құлағдар етті.

Наурыз мерекесін қарсы алу үшін астаналықтардың дайындығы жаман емес сияқты. Күн мен түннің теңесіп, төрт түліктің төлдеп, жаңа жыл басының келуі барша адамзатқа үлкен серпіліс беретіні сөзсіз. Бүгін Ислам орталығында түскі жұма намаздан кейін еліміздің Бас мүфтиі барша қазақстандықтарды әз-Наурыз, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

- Халқымыздың Ұлық мерекесі Наурыз келе жатыр. Үлкен ұлттық, мемлекеттік мереке! Сондықтан барлығын шын жүректен құттықтағым келеді!

Әбсаттар қажы барша жұртқа қуанышты хабарын айтуды ұмытқан жоқ. Қазіргі 5 мың орындық “Нұр-Астана” мешіті Елорда халқы үшін тарлық етсе, есесіне жуық арада тағы бір 5 мың орындық мешіттің Астанада салынатынын жеткізді.

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

- Менісен “АлматыГорСтрой” мекемесінің сәулетшісі хабарласты:- Астана қаласында 5 мың орындық жаңа мешіт салынайын деп жатыр. Соған байқауға қатысыңыз,- деп айтты.

Осындай қуанышты хабардан қуат алып шыққан халықтың көңіл-күйі де көтеріңкі.

- Ұлыстың Ұлы күні ырыс-құт, бақ-береке алып келсін!

- Наурыз келе жатыр! Елім, жұртым аман болсын!

Ал қазір Астана орталықтарында барлық мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының алты қанатты киіз үйлері бой көтеріп жатыр.

Бүгін Астанадағы күндізгі ауа температурасы минус бес градус шамасында. Бірақ бүгінгі күн жайма-шуақтанып, нұрын төгіп тұр. Егер күн дәл осылай тұра беретін болса, ертеңгі мерекені қарсы алуға үлкен мүмкіндік болар еді. Дегенмен «Арқаның құбылмалы табиғаты қаһарына қайта мінбесін» деп тілейік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.