{metadescription}
Қазақтың ұлттық костюмдеріне сұраныс азайып кетті
Қазақтың ұлттық костюмдеріне сұраныс азайып кетті

Қазақтың ұлттық костюмдеріне сұраныс азайып кетті

Наурыз көркі – ұлттық киім! Алайда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күніне орай, қазақтың ұлттық костюмдеріне сұраныс азайды. Отандық дизайнерлер мен тігіншілер мұны, әрине қаржылық қиындықтармен байланысып отыр.

Зерделі камзол, бүрмелі етек, алтын жіппен көмкерілген ою-өрнек. Мына костюмнің өз құны –250 мың теңге. Наурыз болсын, той-томалақ болсын, дағдарысқа дейін ұлттық костюмдерге сұраныс болатын. Енді отандық дизайнерлер мұндай қымбат көйлектерді тек сән апталықтарында көрсету үшін ғана сақтап отыр.

Соңғы уақытта еліміздегі ұлттық киім үлгілерін ұсынатын ірі орталықтардың да “сәні” кеткен. Бірі - жабылу алдында тұрса, енді бірі - дамудың бағыт-бағдарын қайта қарастырып жатыр. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұлттық киім тігетін тігіншілер мен дизайнерлердің айы оңынан туатын кезең болып тұр.

Сабыркүл Асанова, Сән академиясының ректоры:

- Көп мерекелер осы наурыз айында өтеді ғой. «Тұсау кесу» деген бар. Мына костюм балаларға арналған. Әдемі, тартымды. Қазақтың ою-өрнегі ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінде «дағдарысқа шалықтым» деп жылай алмаймын. Керісінше, біз өнідірісімізді көбейтіп жатырмыз.

«Киім де кісі таңдап жарасады» дейтін нақыл сөз бар. Мәселен мына мерекелік шапанға ғасырлар бұрын да, қазір де, тек бай-бақуатты ер кісілердің ғана қолы жетеді.

Сабыркүл Асанова, Сән академиясының ректоры:

-Қарап отырсаңыздар, әрбір ою-өрнек әр түрлі, әрқайсысының өзіндік мәні бар. Бұл өте қымбат. Құндыз терісімен көмкерілген. Осындай киімдер үлкен сұранысқа ие.

Наурыз мейрамы мұсылман халқына ортақ мереке десек те, әр халықтың өзіндік мәдениеті, киім үлгілері және оны кию әдебі бар. Демек, үстіңе ілінген шүберекті өзіңе жарасымды етіп таңдау - әдептілік пен дәулеттің өлшеуіші боп саналады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде