{metadescription}
Аңсағанын Семейден тапқан шетелдік саяхатшы
Аңсағанын Семейден тапқан шетелдік саяхатшы

Аңсағанын Семейден тапқан шетелдік саяхатшы

Қымыз іздеп, жер- жаһанды аралаған шетелдік саяхатшы аңсағанын Семейден тапты. Жасына қарамай, ел кезгенді жаны сүйетін Николай Васильев көздеген мақсаты үшін мыңдаған шақырым жерден жол –жөнекей көліктерге мініп келген. Жиһанкез сүйікті сусынын «қазақтан артық ешкім ашыта алмайды»- дейді.

Жыл басынан бері Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орта Азия елдерін шарлап үлгерген Николай Васильевтің не үйі, не отбасы жоқ. «Сығанға тән тән көшпенді ғұрып менің қаныма сіңіп кеткен», - дейді. Осы жолы Ресейдің Краснодар өлкесінен Қазақстанға дейін бір апта бойы жол жүріп келіпті.

Николай Васильев, саяхатшы:

- Осы жолы тұрғылықты өмір сүруге бел буып, Геленджикте, Қара теңіз жағалауына тоқтаған едім. Бірақ болмады... “Николай, әлі қауқарың бар кезде отырма, дүниені шарла” деп құлағыма біреу сыбырлағандай болады да тұрады.

Саяхатшы кезінде жастық шағы өткен «Семей өңіріне оралам» деп ойламапты. «Бал татыған қымыздың дәмі әлі ауызымнан кеткен жоқ», - дейді. Алғашында «көші-қон полициясы Қазақстанға кіргізбей ме» деп қорыққан екен. Бірақ бұл қаупі бекер болып шықты.

Николай Васильев, саяхатшы:

- Мені көрген кезде, «Қайда барасың?», - деп сұрады. «Қымыз ішуге келдім» - деп шынымды айттым. Мұны естіген олар күліп, тіпті қай жерден қымыз ішуге болатынын айтты.

Аңсаған қымызын ішіп, бір рахаттанған Николай Васильевич, енді «Қазақстанға орала алмайтын шығармын» деп отыр.

Өйткені алпыстан асқан жиһанкездің денсаулығы да сыр бере бастаған көрінеді. Соған қарамастан, енді Сібір мен Қиыр Шығысты аралап, саяхатын жалғастыра бермек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.