{metadescription}
Өскеменде 2 баланы көпқабатты үйдің 4-ші қабатынан лақтырып жіберді
Өскеменде 2 баланы көпқабатты үйдің 4-ші қабатынан лақтырып жіберді

Өскеменде 2 баланы көпқабатты үйдің 4-ші қабатынан лақтырып жіберді

Өскеменде 2 баланы көпқабатты үйдің 4-ші қабатынан ақыл-есі кем ағасы лақтырып жіберді. Бақытқа орай, сәбилер аман қалды. Бұған тіпті дәрігерлер де таң қалып отыр. Балалардың бірі мұндай оқиғаға екінші рет тап болып отырса да, олардың әке-шешелері ата-ана құқығынан енді ғана айырылды.

Үш жасар Максим мен екі жасар Алинаны 7-ші наурыз күні 4-ші қабаттан лақтырып жіберген. Ішімдікке әуес ата-анасы балаларын жүйке-жүйесі аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған ағасының үйіне тастап кеткен. 30 жастағы жігіт балалар мазасын алған соң, оларды терезеден лақтырып жіберген.

Айжан Кәрімова, Өскемен қалалық ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторы:

- Науқастардың көктемде, күзге қарсы ауруы асқынады. Сол балалармен ойнап, олар жылаған соң, алады да терезеден лақтыра салады.

Абырой болғанда, сәбилер қалың қардың үстіне құлаған. Бір таң қаларлығы – кішкентай Максим осыдан екі жыл бұрын да дәл осындай оқиғаға тап болған. Ақыл-есі кем ағасы сол жолы оны 4-ші қабаттан лақтырып жіберген. Ол кезде де бала аман қалған.

Серік Қизатуллин,дәрігер-нейрохирург:

- Балалардың періштесі бар шығар... енді 4-ші қабаттан ұшқан өте қауіпті. Ең бастысы- екеуі де тірі қалды. Қазір жағдайлары жақсы.

Балаларды терезеден лақтырған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал олардың өміріне бей-жай қараған әке-шешесі ата-ана құқығынан енді ғана айырылды. Тәртіп сақшылары маскүнем ата-аналары алты ай өткен соң «балаларын қайта алуы мүмкін» деп қауіптеніп отыр. Қазір олардың не тұрақты баспанасы, не жұмысы жоқ. Ал кішкентай Алина мен Максим қазір бөбектер үйіне тапсырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.