{metadescription}
Шығыс Қазақстан өңірі биыл көкөніссіз қалуы мүмкін
Шығыс Қазақстан өңірі биыл көкөніссіз қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан өңірі биыл көкөніссіз қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан өңірі биыл көкөніссіз қалуы мүмкін. Аймақ диқандары егіс науқанына әлі дайын емес. Олардың тыңайтқыш заттар сатып алуға қаржылары жоқ. Ал банктер болса, «кепілдіксіз несие бермейміз» деп, шаруаларды маңына жолатар емес. Тұрғындар қытай картобына қарап қаламыз ба деп алаңдауда.

Мұздыбай ауылының шаруа қожалығы бүкіл Семей өңірін көкеніспен қамтамасыз етеді. Бірақ диқаншылардың биылғы аяқ алысы мәз емес. Шаруа қожалығының қожайыны Талғат Баймұрыновтың айтуынша, мемлекет бөлген отандық тыңайтқыш барлық алқапқа жетпейді. Қосымша химикаттар алуға фермерлердің қалтасы жұқа. Банктер болса, “кепілге қоятын түгіңіз жоқ”,-деп несие бермеген.

Талғат Баймұрынов, шаруа қожалығының басшысы:

- Егер де біз минералды тыңайтқышқа несие ала алмасақ, ол өнімнің шығуына да әсер етеді. Сондықтан егістің көлемін де қысқарту керек.

Жеке шаруашылық қожайыны «өнім екі есеге қысқаруы мүмкін» деп ескерткен еді. Бірақ әкімдіктегілер оған құлақ асар емес. Олар несиені қатаң тәртіп бойынша беру керек деген банктердің ұстанымын қолдап отыр.

Бақтығали Сәрсембаев, Семей қаласы ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы:

- Шағын несие қарыздары қайтарылғаннан кейін ғана беріледі. Кепілдікке байланысты несие алуға болады. Пайызы да бұрынғыға қарағанда төмен.

Несие алудан үміт үзгендер «жанар-жағармайдан үнемдейміз» деп ойлаған. Бірақ әкімдік 100 тонна жанармайдың литрін 60 теңгеден сатуда. Шаруа қожалықтары болса «бұл тым қымбат, арзан отынды басқа жақтан сатып аламыз» деп отыр. Диқандарға тіпті 30 жылдан бері бос жатқан жерлерді беруге де рұқсат етілмепті. Талғат Баймұрынов қараусыз жатқан 400 гектар жерге картоп салам деп ойлаған. Енді диқаншыларға биылғы жыл өнімді болса екен деп тілеуден басқа амал қалған жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде