{metadescription}
Биылғы ауа-райының жайсыздығы Ақмола облысының  шаруаларын алаңдатып отыр
Биылғы ауа-райының жайсыздығы Ақмола облысының  шаруаларын алаңдатып отыр

Биылғы ауа-райының жайсыздығы Ақмола облысының шаруаларын алаңдатып отыр

Биылғы ауа райының жайсыздығы Ақмола облысының шаруаларын алаңдатып отыр. Өткен жылы құрғақшылыққа ұрынған олар биыл тыңайтқыштар болмаса, мол астық өсіруіміз екіталай деседі. Өйткені олар алыстан емес, өз облыстарында өндірілетін тыңайтқышқа қол жеткізе алар емес. Бұл үлкенді-кішілі 3800 шаруа қожалығының барлығына қатысты.

Ақмола облысы 4 миллион 300 мың гектарға дәнді-дақылдар сіңіргелі отыр. Дегенмен бұл жоспар орындалмауы мүмкін. Осы өңірге көктем биыл жылдағыдан ерте келді. Сондықтан әдетте осы уақытта сай-салаға ағып жататын қар суы биыл жоқ.

Бекболат Сүлейменов, шаруа қожалығының басшысы:

- Ылғалды қор, тыңайтқыштар жоқ. Ал тыңайтқыштар өте қажет.

Шаруа қожалықтарының көпшілігінің жағдайы мүшкіл. Өйткені өткен жылы облыста қуаңшылықтан астығы мүлдем шықпай қалған шаруашылықтар бар. 100 мың гектар астықты алқап былтыр «жарамсыз» деп танылған. Сондықтан биылғы көктемгі егіске Еңбекшілдер, Есіл аудандарының кейбір шаруалары тұқым іздеп жүр. Ал тұқымы барлар тыңайтқыш болмаса, қолда барды өндіре алмаспыз деп күдіктенеді. Қажетті тыңайтқыш облыстың Степногор қаласындағы екі зауытта шығарылады. Бірақ оған шаруалардың қолы жетер емес.

Николай Айбасов, шаруа қожалығының басшысы:

-Мен ҚР-сы Үкіметінен көмек сұраған болар едім. Субсидия бермей-ақ қойсын, тіпті өз ақшамызға, өз жерімізде шығарылатын тыңайтқышты алу неге біздер үшін проблемаға айналды?! Мәселен қазір барлығымыз тыңайтқышсыз отырмыз.

Николай Айбасов еңбек ететін Щучье ауданында 300-ге тарта шаруа қожалықтары бар. Шаруаның айтуынша, олардың барлығы осы мәселені шеше алмай жүр. Ауылшаруашылығы саласындағы шенеуніктер болса, біз көктемгі егіске 100 пайыз дайынбыз деп отыр.

Серік Жамбеталин, Ақмола облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:

- Оның бәрі өтірік! Ондай жоқ! Степногорск әлі ешкімге беріп жатқан жоқ. Біз таратуды берген жоқпыз. Бірдеңені естіп алып...

15 жылға жуық жеке шаруашылық ұстап, жыл сайын өнім алатын шаруалар өтірік айтып опа таппас. Ал ауыл шаруашылығындағылар тапсырыс берсе, «ешкімге де бөгет жоқ» деп, қарап отыр. Көктемгі егіс уақыты болса таяп қалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.