{metadescription}
Қажымқан Мәсімов басшылық ететін компания кәсіпкерлер алдындағы борыштарын толығымен қайтарды
Қажымқан Мәсімов басшылық ететін компания кәсіпкерлер алдындағы борыштарын толығымен қайтарды

Қажымқан Мәсімов басшылық ететін компания кәсіпкерлер алдындағы борыштарын толығымен қайтарды

Қарыз қайтарылды! Өткен аптада Астанаға еліміздің оңтүстік өңірлерінен бірқатар кәсіпкерлер келіп, «HAS-ER KZ» атты компаниядан ақшасын ала алмай жүргендерін айтып, Президентке Ашық хат жолдағанын хабарлағанбыз. Бүгін Қажымқан Мәсімов басшылық ететін компания кәсіпкерлер алдындағы борыштарын толығымен қайтарып берді.

Астанаға арнайы келген «HAS-ER KZ» компаниясының басшылығы кәсіпкерлерден цемент тасымалы үшін ақша алғандарын және келісім-шартта көрсетілген міндеттерін орындамағандарын растады. Бастапқы 77 млн. теңгенің жартысын бұдан бұрын төлегендерін айтқан фирма өкілдері: «Бүгін 15 адамға қарызымызды қолма-қол санап бердік»,-дейді. Олар істің былайша ушығуына сол кездегі «Шымкенттегі цемент зауытының кенеттен 5 айға тоқтап қалғандығы мен бағаның күрт өсіп кетуі себеп болды» деп түсіндірді. Аталған компанияның құрылтайшысы Қажымқан Мәсімов – Премьер-министрдің туған әкесі болып шықты. Бүгін бұл ақпарат та расталды.

Сапаркүл Махамбетова, "HAS-ER KZ" компаниясының коммерциялық директоры:

- Қажымхан Қасымович - фирманың құрылтайшысы. Ол кісі мұндай тірліктерге араласқан жоқ, білмеді. Осындай келеңсіздіктердің болғаны оның білмегендігінен шығар. Біздің әр салада әр түрлі менеджерлер жұмыс істейді. Цемент саласында істегені бізді осылай қарызға кіргізіп қойды. Ағайдың өзі толық білмеді. Теледидардан көріп, тез арада шара қолдануды айтып, 2 күнде осы мәселені шешіп отыр.

«Қарыздарын алмаса, өздерін жағып жіберуге дейін барамыз» деп айтқан кәсіпкерлер бүгін ауылдарына тарасты. Сондай-ақ, олар «HAS-ER KZ» компаниясы үстінен Қаржы полициясына берген шағымдарын да қайтарып алыпты.

Хамзат Сосаев, жеке кәсіпкер:

- Негізгі қарызымды мен бүгін есептеп алып отырмын. 3 тұлға арқылы алып отырмыз. Маған оның маңыздылығы жоқ. Факті сол – алдым.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде