{metadescription}
Екінші деңгейлі банктер борышкерлер мен несие аламын деген кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың тізімін өзгертіп отыр
Екінші деңгейлі банктер борышкерлер мен несие аламын деген кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың тізімін өзгертіп отыр

Екінші деңгейлі банктер борышкерлер мен несие аламын деген кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың тізімін өзгертіп отыр

Екінші деңгейлі банктер борышкерлер мен несие аламын деген кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың тізімін өзгертіп отыр. Нәтижесінде ұлттық қордың ақшасы толығымен игеріледі деген үміт бар. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстың барысы көңіл көншітпей тұр. Мәселен ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға деп бөлінген 120 млрд. теңгенің небәры 4 млрд-ы ғана игерілген.

Бүгін телекөпір байланысы арқылы Алматы мен Астананың кәсіпкерлері “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры және қаржылық ұйымдармен қайта кездескен Премьер-министр бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар шешімдерді қабылдады. Мәселен бұдан былай несие алу үшін нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмайды. Үкімет “Бірыңғай несиелік құжаттама” деген тәсілді енгізіп отыр. Жеңілдіктен банктер де құр алақан қалып отырған жоқ. Олардың жұмысын жылдамдату үшін билік түрлі бақылаушы органдардың құзырын шектеуге баратынын мәлімдеді. Осылайша, антикризистік бағдарлама аясында аударылған миллиардтаған ақшаның игерілуі жөніндегі ақпаратты банктер тек бір ғана мекеме- “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорына беретін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.