{metadescription}
Елімізге ескірген қару-жарақ әкеп, сатып жүрген Израиль азаматы ұсталды
Елімізге ескірген қару-жарақ әкеп, сатып жүрген Израиль азаматы ұсталды

Елімізге ескірген қару-жарақ әкеп, сатып жүрген Израиль азаматы ұсталды

Елімізге ескірген қару-жарақ әкеп, сатып жүрген Израиль азаматы ұсталды. Борис Шейнкман Израильдің Қазақстандағы 4 бірдей әскери-өнеркәсіптік кешенінің өкілі болып қызмет атқарған. Бұл ақпаратты бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де растады. Бір қызығы, 62 жастағы кәсіпкердің Қазақстанда қамауға алынғаны жөніндегі ақпаратты алдымен Израильдің басылымдары жария етті. Ол 20-наурыз күні Алматыда тұтқындалып, кейін Астанаға ауыстырылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері оған нақты қандай кінә тағылып отырғанын ашып айтпады. Тек жария етілгені – күдікті заңсыз жолмен Қазақстаннан зейнетақы алып келген. Ал кейбір дерек көздеріне сүйенсек, осы азамат қызмет еткен Израильдің "Солтам" және "Аэронавтикс" деген компаниялары Қазақстанға ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жабдықтарын әкеп сатыпты. Алайда олардың бәрі ескі болып шыққан. Бұл істі қазір Израиль тарапы да жіті бақылауға алғанға ұқсайды. Осы ел басылымдарының мәліметінше, Борис Шейнкман өзінің тарихи отанына 1991 жылы қоныс аударған. Оған дейінгі 20 жыл бойы Кеңес әскері қатарында қызмет етіп, полковник шеніне дейін көтерілген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде