{metadescription}
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов қамауға алынды
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов қамауға алынды

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов қамауға алынды

Қаржы полициясы «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақовты қамауға алды. Бұдан бұрын осы ведомствоның екі вице-министрі Әлжан Біралиев пен Зейнолла Сәрсембаев және департамент директоры Татьяна Савицкая да қамауға алынған болатын. Қаржы полициясының келтірген есебі бойынша, бұл шенеуніктер жалпы көлемі 1 млрд. 100 млн. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын жымқырған.

Жасы 46-дан асқан бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов бұған дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған, одан кейін сол жерде ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекшісі болып жұмыс істеген. Одан бері Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, ал 2006 жылдың сәуір айынан бастап, осы ведомствоның министрі болып қызмет атқарған. Наурыз айының басында қызметінен өз еркімен кеткен. Қазір күдікті Астанадағы уақытша қамау изоляторында отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде