{metadescription}
Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Ел чемпионаты аяқталды
Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Ел чемпионаты аяқталды

Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Ел чемпионаты аяқталды

Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған боз кілем бәсекесінде Қазақстанның барлық облысынан және екі қаласынан 250-ден аса балғын балуандар белдесті. Қызылжар кілемінде 46 және 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шымкенттіктер Ғұсман Қырғызбаев пен Бауыржан Әбілқас ешкімге дес бермесе, 57 келі салмақта ақтөбелік Мұрат Айнабиннің бағы жанды. 64 келі салмақта белдескен қызылордалық Әділ Қасымбековтың шеберлігіне жиналған жұрт ризашылықпен қол соқты. 72 келіге дейінгі салмақта астаналық Бекжан Сәбиевтің мерейі үстем болды....

81 келіде алматылық Олжас Қайратұлы жеңіске жетті. Бей ресми емес, жалпыкомандалық есепте оңтүстікқазақстандық балуандар бірінші орындарды еншілесе, жүлделі орындарды Астана және Қызылорда командалары өзара бөлісті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде