{metadescription}
Павлодарда баскетболдан ерлер командалары арасында ұлттық чемпионаттың финалдық ойындары өтуде
Павлодарда баскетболдан ерлер командалары арасында ұлттық чемпионаттың финалдық ойындары өтуде

Павлодарда баскетболдан ерлер командалары арасында ұлттық чемпионаттың финалдық ойындары өтуде

Павлодарда баскетболдан ерлер командалары арасында ұлттық чемпионаттың финалдық ойындары өтуде. Ақтық сынға жолдама алған төрт команда арасынан бас жүлдені сарапқа салатын клубтар анықталды.

Алғашқы жартылай финалда Қостанайдың “Тобылы” мен “Алматы” командасы өзара шеберлік байқасқан. Кездесу өте шиленісті жағдайда өтті. Өйткені жеңген команда ақтық сайысқа жолдама алатындықтан, қос команда ойыншылары да қателіктерге бой алдырмауға тырысты. Дегенмен де бұл күні бағы басым болған қостанайлықтар 75:74 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесуде “Алматы” командасы бірінші матчтағыдай қарсылық көрсеткен жоқ. «Тобылдықтар» 80:63 нәтижесімен ұтты. Ал Астананның “Тигры” Атыраудың “Барсы” клубымен кездесіп, екі ойында да айқын басымдылыққа қол жеткізді. Бірінші кездесу 102:60, екінші матчта 86:61 есебімен жеңді.

Енді сәуірдің 2-сі мен 3-і аралығында Астананың “Тигры” мен Қостанайдың “Тобылы” екі жеңіске дейін өзара ел чемпиондарын анықтайтын болады.Ал үшінші орын үшін «Алматы» мен «Барсы» командалары кездеседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде