{metadescription}
Б.Саттархановтың жүлдесі үшін бокстан жастар арасында халықаралық турнир аяқталды
Б.Саттархановтың жүлдесі үшін бокстан жастар арасында халықаралық турнир аяқталды

Б.Саттархановтың жүлдесі үшін бокстан жастар арасында халықаралық турнир аяқталды

Түркістанда Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың жүлдесі үшін бокстан жастар арасында халықаралық турнир аяқталды. 200-ден аса былғары қолғап шеберлері бес күн бойы өз ара мықтыларды анықтады.

ҚР Бокс федерациясының басшылығына Тимур Құлыбаев мырза келгеннен бастап, барлық аймақтарда іскер басшыларды облыстық федерация қызметіне тағайындағаны белгілі.Оңтүстік Қазақстан облысының боксын Нұрлан Қаныбековке сеніп тапсырған. Бұл - жергілікті федерациясының мұрындық болып отырған алғашқы жарысы.

Турнир қортындысында ең жеңіл салмақта алматылық Әнуар Мұзапаров жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 48 келіде тараздық Азамат Исақұлов, 51 келіде Іляс Серіков топ жарса, 54-те Рамиз Магарамов , 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рустам Рустамов, 60 келі салмақта Мейіржан Қалиқұлов, 64-те Батыр Жұкенбаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сондай-ақ Ерік Әлжанов, Ерболат Жиренбаев, Нұрсұлтан Абылаев, Қамшыбек Қоңқабев чемпион атанды. 17 жасар жас талант жігерлік танытып, қарсыласынан жеңісті жұлып алды. Ал ауыр салмақта Рахман Әлжанов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Бокстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалымжан Кенжебаев «Биыл сәуір айында құрлық бәсекесі болмайды. Біздің жастар құрамасы үшін биыл әлем чемпионаты да жоқ. Сондықтан да құрама өкілдерін Германия, Куба мен Францияда өтетін бірнеше халықаралық жарыстарға апарып, шыңдаймыз», - дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде