{metadescription}
Б.Шүменов пен А.Беррио жекпе-жегі 9-мамыр күні Шымкент қаласында өтетін болды
Б.Шүменов пен А.Беррио жекпе-жегі 9-мамыр күні Шымкент қаласында өтетін болды

Б.Шүменов пен А.Беррио жекпе-жегі 9-мамыр күні Шымкент қаласында өтетін болды

Қысқа мерзім ішінде кәсіпқой бокс әлемінің ордасы - Американы таңқалдырып үлгерген жерлесіміз Бейбіт Шүменов өзінің кезекті жекпе-жегін колумбиялық әйгілі шебер Алехандро Берриомен өткізетіні белгілі болды. Бұл жекпе-жек 9-мамыр күні Шымкент қаласында өтеді.

2004 жылы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған Бейбіт Шүменов, қолынан алған жарақаты кесір болмағанда Афины олимпиадасынан бос қайтпас еді. Тіл көзден сақтасын, 2007-жылы кәсіпқой бокс әлеміне ентелей кірген Бейбіт, айналдырған бір-екі жыл төңірегінде кез-келген спортшы қызыға қарайтын белестерді бағындырып үлгерді. Дәл бүгінгі күнге дейін шаршы алаңға жеті мәрте көтерілген Шүменов, қарсыластарын түгел жеңгені өз алдына, оның алтауын айқын ұтып, Халықарлық бокс қауымдастығы тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуден бірден-бір үміткер болып шыға келді. 9-мамыр күні сегізінші жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатқан Бейбіт, соңғы рет Вашингтон қаласында әлемнің экс-чемпионы колумбиялық боксшы Эпифанио Мендозаны ұтты. Шүменов-Мендоза арасындағы он раундтық бәсекеге әділ қазылық жасаған төрешілер алқасы осы бәсекедегі жеңісті бірауыздан қазақ боксшысының қанжығасына байлап берді. Бейбіттің келесі қарсыласы да осал емес. Кезінде Халықаралық бокс федерациясы тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған Алехандро Беррио, ұзын-саны 32 кездесу өткізіп, оның жиырма жетісін нокауатпен ұтқан. Онымен жұдырықтасқандардың арасында есімдері төрткүл дүниеге танымал шеберлер Мигель Котто, Заб Джуда және Мейвезердің кішісі бар. Осыдан-ақ колумбиялық боксшының шама-шарқын байқай беріңіз...

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде