{metadescription}
Қырғызстанда тағы бір депутат оққа ұшты
Қырғызстанда тағы бір депутат оққа ұшты

Қырғызстанда тағы бір депутат оққа ұшты

Қырғызстанда тағы бір депутат оққа ұшты. Кеше кешкісін Бішкек орталығында белгісіз біреулер Жогорку Кенеш депутаты Санжарбек Қадырәлиевті атып өлтірген. Депутат саяси тапсырыстың құрбаны болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл соңғы төрт жыл ішінде өлтірілген төртінші халық қалаулысы. Құқық қорғау органдары қазір бұл қылмысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға кезінде депутаттың қасында не күзетшісі, не жүргізушісі болмаған. Полиция қылмысты депутаттың іскерлік қызметімен байланыстырады. Бірақ Жогорку Кенештің вице-спикері Қуанышбек Исабековтың айтуынша, белгіленген заң нормативтеріне сәйкес, депутаттың іскерлікпен айналысуға қақысы жоқ. Сондай-ақ, Қ.Исабеков парламентте қанды қылмысқа қатысты арнайы комиссия құрылмайтынын мәлімдеді. 33 жастағы Санжарбек Қадырәлиев Жогорку Кенештің депутаты, билік басындағы “Ақ жол” партиясының өкілі, Парламенттегі экономика, бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болған. Айта кету керек, бұған дейін мерт болған Жогорку Кенештің үш депутаты Жырғалбек Сұрабалдиев, Баяман Еркінбаев пен Тынышбек Ахметбаевтың істері әлі күнге дейін ашылған жоқ. Осыдан бір ай бұрын президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Медет Садырқұловтың да белгісіз себептермен қаза болғаны белгілі.

Қуанышбек Исабеков, Жогорку Кенеш депутаты:

- Саяси қайраткер қаза болғанымен, мұның астарында саяси себеп бар деу әлі ерте. Дегенмен, ол - Жогорку Кенештің депутаты, яғни мемлекетіміздің саяси тұлғасы болып саналады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.