{metadescription}
Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол емдеу мекемесін жөндеуге бөлінген қаржыны талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Қылмыстық іс қозғалғанымен, жауапты адамдардың ешқайсысы тергеуге келмеген. Оның себебін Бекжігіт Мәуленов әңгімелейді.

ВИЧ індетінен соң, Оңтүстік Қазақстанда емдеу мекемелерінің жағдайын оңалту үшін қыруар қаржы бөлінген еді. Сол кезде Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы да күрделі жөндеуден өткізілген. Арнайы ашылу рәсіміне келген жергілікті басшылардың жүрегі жарылардай боп қуанғаны бар. Алайда араға ай салып, аурухана ішіндегі төбенің сылағы құлап, науқастың өмірін жалмай жаздаған.

Айжан Пәрімбекова, Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының ас таратушысы:

-Ас таратып жатқан едім. Бір науқас тамақтануға келіп тұрған. Мен оның жанында тұрғанмын. Төбе сықырлады да, бірден ортасына құлады. Науқас екеуіміз қашып үлгердік. Соның салдарынан дуалымыз тесіліп кетті.

Аурухананы жөндеуге қазынадан 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бірақ жұмыстың сапасы көп уақыт өтпей-ақ, сыр беріпті. Оны жүргізген - «АстанаТрансСтройМонтаж» мекемесі. Ал аурухананың бұрынғы басшысы сапасыз жұмысты қабылдап қана қоймай, мердігер мекеменің атқармаған жұмысын қосып жазған.

Нұрлан Алдабергенов, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры:

-2007 жылдың көлемінде күрделі жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізген. 788 миллион теңгенң жұмысын Форма- 2 актісінде: осы жұмысты атқарды деп көрсеткен. Қаржылық тексеру кезінде 44,5 миллион ақша жұмсалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталып отыр.

Қазынаның қаржысын талан-таражға салған аурухананың бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істің басты кейіпкерлері тергеу амалдарына әлі бір рет те қатыспаған. Басқа жұмысқа ауысуына баланысты аурухананың бұрынғы бас дәрігері Оңтүстік Қазақстан облысынан кетіп қалған. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген астаналық мердігер компания өкілдері іс-сапарға бөлінетін қаржының тапшылығынан келе алмайтынын хабарлаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.