{metadescription}
Қырғызстан Парламенті депутатын өлтірген қылмыскер ұсталды
Қырғызстан Парламенті депутатын өлтірген қылмыскер ұсталды

Қырғызстан Парламенті депутатын өлтірген қылмыскер ұсталды

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Санжар Қыдырәлиевтің өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды. 32- жастағы Қырғызстан азаматы Алтынбек Итібаевқа бүгін ресми түрде «кісі өлтірді» деген айып тағылды.

Ол істеген қылмысын түгел мойындап, қырғыз Парламентінің депутатын қашан және қалай өлтіргенін айтып берді. Естеріңізге сала кетсек, депутат Санжар Қыдырәлиев 14-ші сәуір күні Бішкектің орталығындағы өз үйінің қасында оққа ұшқан еді. Саясаткердің өліміне оның саяси көзқарасы емес, кәсіпкерлік қызметі себеп болған. Кезінде С.Қыдырәлиев пен А.Итібаев ортақ бизнесін бөлісе алмай жүріпті. Қазір Алтынбек Итібаев тергеу абақтысына тоғытылды.

Рахматолла Ахметов, Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің аға инспекторы:

- Депутатты қалай өлтіргенін толықтай сипаттап, айғақ заттарды қайда лақтырғанына дейін айтып берді. Тапаншасы қазір тергеуде жатыр. Сондай-ақ оның сыбайласы бар екен. Қазір оған да іздеу салдық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.