{metadescription}
Премьер-министр: доңыз тұмауы Қазақстан аумағына енбеуі үшін  барлық шаралар жасалуы қажет
Премьер-министр: доңыз тұмауы Қазақстан аумағына енбеуі үшін  барлық шаралар жасалуы қажет

Премьер-министр: доңыз тұмауы Қазақстан аумағына енбеуі үшін барлық шаралар жасалуы қажет

Доңыз тұмауы Қазақстан аумағына енбеуі үшін қажетті барлық шаралар жасалуы қажет! Бүгін Премьер-министрі Кәрім Мәсімов тиісті министрліктерге осындай тапсырма берді.

Нақты айтқанда, Үкімет басшысы әлемді дүрліктірген жұқпалы дерттің Қазақстанда таралып кетпеуін қадағалау үшін арнайы жұмыс тобын құруды жүктеді. Оның құрамын Денсаулық сақтау министрі жасақтайтын болады. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бас санитарлық дәрігердің бұйрығымен, еліміздің барлық кеден бекеттері қатаң тәртіпте жұмыс істеуге көшкен. Ал Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанға сырттан тасымалданатын доңыз етіне тыйым салды. Бұл өнім елімізге негізінен Латын Америка елдерінен тасымалданып келді. Жыл басынан бері Қазақстанға 766 тонна доңыз еті, 49 тонна доңыз майы импорт ретінде әкелінген.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

- Бұл індет әлемге тарала бастағандықтан, онымен күрес деңгейін көтеру қажет. Мен өзіңіз басқарған жұмыс тобын құруды және ертең өтетін Үкімет отырысында қандай шаралар қолға алынғанын баяндауды тапсырамын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.