{metadescription}
Ақтөбе: «Жаңғырық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  демеушілерден түскен қаржыны жеке пайдасына жаратқан
Ақтөбе: «Жаңғырық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  демеушілерден түскен қаржыны жеке пайдасына жаратқан

Ақтөбе: «Жаңғырық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы демеушілерден түскен қаржыны жеке пайдасына жаратқан

Семей полигоны аймағында әскери қызметте болған 2 мыңға тарта адамды сазға отырғызып кеткен алаяқты құрықтауға құзырлы орындар қауқарсыз. Ядролық сынақ полигоны зардабынан мүгедек болып қалған әскерилер бірнеше жыл бұрын Ақтөбеде «Жаңғырық» қоғамдық бірлестігін құрған. Бірақ бірлестік төрағасы Өмірсерік Тәжіғұлов демеушілерден түскен қаржыны жарымжан жандарға емес, жеке пайдасына жаратқан. Оның үстіне үш ай бұрын қалалық соттың шешімімен орнынан бостылған Тәжіғұлов мекеменің құжаттары мен мөрін қайтармай қашып жүр.

Семей полигоны аймағында бірнеше жыл әскери қызметте болған Юрий Шатерников қан ауруымен ауырады. Үш жыл бұрын екі аяғынан айырылған бұрынғы әскери қызметкер мүгедектер арбасына әлі қол жеткізе алмай жүр. Құжаттары мен мөрі қолды болған бірлестікке мүше жүздеген адам көмекке зәру. Көбісі коммуналдық төлемдерге жеңілдік ала алмай, құзырлы орындардың табалдырығын тоздырғандарына біраз уақыт болған. Ал бірлестіктің бұрынғы төрағасы Өмірсерік Тәжіғұлов қалалық соттың шешімімен мекеменің құжаттары мен мөрін ақпан айында қайтаруы тиіс болатын. Бірақ әлі «төрағамын» деп, демеушілерден жарна жинап, қаржыны қалтасына басып жүрген көрінеді.

Василий Долгих, «Жаңғырық» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

-Ол барып тұрған алаяқ! Біз сотқа бергенде де уақытты созып, сот отырыстарына келмей қойды. Қазір де жасырынып, демеушілерден ақша жинап жүр.

Өмірсерік Тәжіғұлов өзін бастапқыда Семей полигоны аймағында әскери қызметте болдым, мүгедекпін деп таныстырған. Кейіннен бірлестік мүшелері құжаттарының жалған екендігін анықтапты. "Бұған алғашқыда алаяқтың жымысқы әрекетіне болысып, ұйымды ашуға көмектесіп, өзінің қасынан тегін кабинет берген «Невада-Семей» Антиядролық қозғалысы аймақтық басқармасының жетекшісі Ізімғали Көбеновтің де қатысы бар", - дейді бірлестік мүшелері.

Ізімғали Көбенов, «Невада-Семей» Антиядролық қозғалысы батыс аймағы филиалының жетекшісі:

- Заңды тұлға, өздерінің мөрі де бар. Ешқандай қатысым жоқ менің...

Оған қоса, бұрынғы төраға бірнеше банктен «Жаңғырықтың» атынан есеп- шот ашып, қайырымдылық ұйымдары мен демеушілерден түскен қаржыны жеке мақсатына жұмсаған. Бірлестік Ө.Тәжіғұловтың сот алдында жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Бірақ, ол барлық құжаттарды алып, із суытып үлгерген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде