{metadescription}
Бүгін еліміздің әуе қорғанысы күтпеген жағдайға тап болды
Бүгін еліміздің әуе қорғанысы күтпеген жағдайға тап болды

Бүгін еліміздің әуе қорғанысы күтпеген жағдайға тап болды

Бүгін еліміздің әуе қорғанысы күтпеген жағдайға тап болды. Әуені бақылайтын қондырғылар Қазақстан шекарасына Қытай жақтан белгісіз екі нысанның ұшып келе жатқанын анықтаған. Бұл ақпарат бірден Астанадағы басқару орталығына хабарланды.

Ақпарат түсісімен, еліміздің Әуе қорғанысына бірінші номірлі дайындыққа тұру бұйырылған. Осыған байланысты Талдықорған және Қарағанды қалаларында орналасқан әуе базаларының МИГ-31 атқыштары шабуыл жасауға толықтай дайындалған. Бір сағаттан соң бақылау құралына іліккен белгісіз нысандар - Қытайдан көшкен қалың қара бұлттар болып шықты. Осылайша еліміздің Әуе қорғанысы күтпеген жерден жаттығу жасағандай болды.

Александр Сорокин, ҚР Қарулы күштері, Әуе қорғанысының бас қолбасшысы:

- Семей қаласындағы МИГ-31 бөлімшелер, сондай-ақ Батыстың роталары толықтай жұмылдырылды. Нәтижесінде бәрін ойдағыдай атқарып шықты, ешқандай ескерту болмады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.