{metadescription}
Қазақстандық фильмнің басты рөлін сомдауға Саша Барон Коэн шақырылып отыр
Қазақстандық фильмнің басты рөлін сомдауға Саша Барон Коэн шақырылып отыр

Қазақстандық фильмнің басты рөлін сомдауға Саша Барон Коэн шақырылып отыр

Біздің еліміз жөнінде жаңа фильм түсірілмек. Бұл комедиялық фильмнің басты рөлін сомдауға “Борат” фильмі арқылы Қазақстанды бүкіл әлемге мазақ еткен британдық актер Саша Барон Коэн шақырылып отыр.

Бұл бастаманы еліміздің Мұсылмандар Одағы көтеріп отыр. Олардың айтуынша, шетелдік әртіс бұл ұсынысты қаламақы сұрамай, бірден қабыл алған. Фильмнің негізгі сюжеті: Алматының Республика алаңында қазылған шұңқыр жөнінде болмақ. Фильмде белгілі шенеуніктермен бірге осы жобаны іске асырмақ болған әйгілі кәсіпкерлердің шынайы бейнелері сомдалады. “Қазақстан шұңқыры жөніндегі аңыз” деп аталатын картинаны түсіруге 1 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалмақ. Қазіргі таңда Мұсылмандар Одағы түсірілім жұмыстарын бастауға қала әкімі Ахметжан Есімовтен рұқсат қағазын күтіп отыр.

Мұрат Телібеков, Қазақстан Мұсылмандар одағы, Орталық Азия бойынша адам құқын қорғау мұсылмандар комитетінің директоры:

- Бұл шұңқырды әзірге, тимей-ақ қойсын. Алдымен сол фильмді түсірейік. Сол фильмді түсіруге бізге рұқсат берсін, содан кейін шұңқырды не істейтінін өздері біледі...Құдай оңдап, рұқсат берсе, екі айдан соң фильмді түсіруді бастаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.