{metadescription}
Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр
Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр

Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр

Итбалықтар тағы қырылып жатыр. Баутино маңынан шекарашылар 218 итбалықтың өлексесін кездейсоқ тапқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “Батыс” аймақтық басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, өлі итбалық табылған жерді мамандар тексеріп, сараптама жасауға қажетті сынама алған. Соңғы жылдары итбалықтардың жаппай қырылуы туралы деректердің көбейіп кеткені белгілі. Естеріңізге сала кетсек, 2000-жылдың өзінде Каспийдің Қазақстан жағында 12 мыңнан астам теңіз жануарлары өлген болатын. Ол кезде итбалықтардың жаппай қырылуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болды деген болжам айтылды. Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінде мұздың қатпауы, итбалықтар тұқымының көбеюіне келеңсіздік тудырған. Сондай-ақ, ол кезде сараптама жүргізген биологиялық ғылыми-зерттеу институтының мамандары өлекселерден оба қоздырғышын тапқан еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.