{metadescription}
Мексикада А/H1N1  мутациялық вирустың алғашқы түрі табылды
Мексикада А/H1N1  мутациялық вирустың алғашқы түрі табылды

Мексикада А/H1N1 мутациялық вирустың алғашқы түрі табылды

Мексикада А/H1N1 вирусының алғашқы мутациялық түрі табылды. Қатерлі дертке қарсы вакцина түрін жетілдіру үшін, науқастарда табылған вирустың құрамын тексерген ғалымдар осындай мәлімдеме жасап отыр.

Осыған ұқсас жағдай АҚШ пен Канадада да тіркелді. Мамандардың пікірінше, өзгерген вирустың бұл түрі осыдан бұрынғы вирустан әлдеқайда қауіпті. Мексика Ұлттық эпидемиология орталығының мамандары: «Антиген арқылы вирусты анықтағанмен, оның қай түрге жататыны әзірге белгісіз», - дейді. Ғалымдардың пікірінше, А/H1N1 тұмауының мутациялық вирусы ВИЧ пен құс тұмауынан да қауіпті. Доңыз тұмауының бұл түрі қол алысқанда, түшкіргенде, адамнан адамға оңай жұғады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қауіпті кесел 3 мың адамнан табылып, оның 150-і қайтыс болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде