{metadescription}
Қызылжарлық мүгедектер тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүр
Қызылжарлық мүгедектер тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүр

Қызылжарлық мүгедектер тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүр

Бюджет қаржысының жетіспеушілігінен қызылжарлық мүгедектер тегін берілетін дәрі-дәрмектерді өз ақшаларына сатып алады. Биыл облыс қазынасынан осы мақсатқа бөлінген қаржы 400 миллион теңгеге кем. Тендерді ұтып алған кейбір компаниялар өз міндеттерін орындамай отыр. Кемтар жандар болса, бөлінетін азын-аулақ жәрдемақыны дәріге жұмсауға мәжбүр.

Петропавлдық Құрмет Айтқазин бір жарым жыл бұрын қылтамақ дертіне шалдыққан. Екі операциядан кейінгі жағдайы мәз емес. Соңғы күндері қара су ішуден де қалыпты. Қалада пәтер жалдап тұратын отбасының бар табысы отағасының дәрі-дәрмегінен артылмайды.

Алтынай Айтқазина, қала тұрғыны:

- Шығып жатқан шығынға мән берген жокпыз, содан кейін Алматы мен Астанадан естігендер таң қалады: онкология ауруына шалдыққандар науқастарға тегін дәрі бөлінеді, сіздер неге сатып аласыздар?-деп. Біз әдейі сатып алатындай...

Олар тек Денсаулық сақтау министрлігіне жазған шағымынан кейін ғана дәрілерді тегін ала бастаған. Онда да қажетті дәрілердің дені дәріханаларда жоқ. Осы мәселеге араласқан қаладағы қоғамдық ұйымдардың бірі шұғыл байланыс желісін ұйымдастырыпты. Оған түскен 250-ден астам шағымның басым көпшілігі тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмек төңірегінде.

Наталья Воронцова, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бастығы:

- Біз бұл ретте арнайы тексеру жүргіздік, тендер ұтып алған фирмалар өз міндеттерін орындамайды. Ал жаны қысылған сырқаттар дәріні өз ақшасына сатып алуға мәжбүр. Көптеген емханаларда тегін дәрі алуға берілген рұқсат қағаздар қайтарылған.

Елімізде тегін дәрі алуға құқығы бар жандардың аты-жөні жазылған арнайы ақпараттық жүйе бар. Оған енгізілген сырқаттардың саны жыл сайын өсіп келеді. Ал науқастарды тегін емдеуге бөлінген қаржының мөлшері өзгермеген.

Лидия Бублейник, Петропавл қаласы «Шұғыл байланыс желісінің» дәрігері:

- Осы айда қанша науқас анықталарын нақты жоспарлау қиын. Дәрі-дәрмек жеткіліксіздігі осыдан да туады. Мысалы бізде тек соңғы жылдары қант диабетімен ауыратындар екі есеге өсті. Туберкулез бен қатерлі ісікке шалдыққандар да күн сайын көбейіп келеді.

Биыл облыстық бюджеттен тегін дәрі-дәрмек сатып алуға қажетті қаржы 400 миллион теңгеге кем бөлінген. Бұған соңғы жылдары науқастар санының 20 пайызға артып, дәрі-дәрмек құнының едәуір қымбаттағанын қосыңыз...

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.