{metadescription}
Отандық автоөндіріс ірі көліктерді құрастыруға кіріскелі отыр
Отандық автоөндіріс ірі көліктерді құрастыруға кіріскелі отыр

Отандық автоөндіріс ірі көліктерді құрастыруға кіріскелі отыр

Еліміздің ірі қалаларында шамадан тыс көбейіп кеткен ірі көліктерге осыдан біраз уақыт бұрын Президент өз пікірін айтып, қарсы болған еді.Джип немесе Хаммер секілді көліктердің қоршаған ортаға тигізетін зияны мол: көшені тарылтып, көлік кептелісін туындатса, екіншіден, зиянды қалдықтардың көлемін де ұлғайтады. Бұл көліктердің осындай кереғар жақтарын және Президенттің ескертуін біле тұра, отандық автоөндіріс ірі көлемдегі көліктерді құрастыруға кіріскелі отыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы “Азия Авто” көлік құрастыру зауыты келер айдан бастап, “Кадиллак Эскалэйд” көлігін құрастыруды қолға алғалы отыр. Бұл өндіріс ошағы еліміздегі автомобиль құрастыратын жалғыз зауыты болып табылады. Кадиллак Хаммерден кем түспейді. Енді осындай көлікті шығарған күннің өзінде Қазақстанда сұраныс бола ма, жоқ па, әлде осыған жауапты шенеуніктеріміз АҚШ-тың “Дженерал Моторс” компаниясының сойылын соғып отыр ма? Бұл сұрақтың жауабы әзірге жұмбақ. Бірақ автоөндірістің өкілдері «Үкіметке сенеміз» деп отыр.

Михаил Давыденко, «Бипек Авто» ЖШС-нің Астана қаласы филиалы директорының орынбасары:

- Біз Үкіметке арқа сүйеп, сенім артамыз. Қазақстан халқы да осындай ауыр кезеңде түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Күдігіміз бар, бірақ біз одан қорықпаймыз.

Яғни отандық автоөндіріс өкілдері ірі көлемдегі әрі қымбат көліктерді шығарып және олардың сұранысқа ие болатынына еш күмән келтіріп отырған жоқ. Көліктердің бағасы кем дегенде 60-70 мың доллар шамасында. Сондықтан кімдердің сұранысына ие болатыны да белгілі. Бірақ көшенің жартысын алып жүретін мұндай көліктерге осыдан біраз уақыт бұрын Елбасының өзі қарсылық танытқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бізде қаржы дағдарысы сезіле ме? Өзге жұрт шығыны аз жұмсалатын шағын көліктерге ауысып жатыр. Тұраққа тез қоюға ыңғайлы және жанармайды да үнемдеу үшін. Ал бізде «трактормен» жүреді... хаммермен.... Оларды тоқтатып, қала орталықтарында жүруіне тыйым салу керек.

Президенттен Хаммер деген сөзді ести салысымен-ақ, отандық көлік құрастырушылар аталған көлікті құрастыруды тоқтатып, орнына Кадиллакты шығармақ. Әйтпесе елімізде Хаммерді құрастыру жоспарда бар болатын.

Михаил Давыденко, «Бипек Авто» ЖШС-нің Астана қаласы филиалы директорының орынбасары:

- Дәл қазір Хаммерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Оған қатысты мәселе әлі толық шешілген жоқ...

Қаржы дағдарысы халықты тоқыратып тұрған уақытта көлемі де, шығыны да аз ықшам көліктер үлкен сұранысқа ие болуда. Ал еліміздегі автоөндірістің ірі көліктер шығаруға талпынып жүргендері түсініксіз...

Отандық автомобиль құрастырушы зауыттағы мамандар ықшам және шағын көліктерді құрастыру тек 2012 жылы ғана қолға алынатынын айтты. Ал ол кезде қаржы дағдарысының бұлты сейіліп, сұраныс басқа көліктерге артып кетпесіне кім кепіл...

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде