{metadescription}
Павлодар: қамауда отырған бір топ жеткіншек тәртіп сақшысын өлтірмек болған
Павлодар: қамауда отырған бір топ жеткіншек тәртіп сақшысын өлтірмек болған

Павлодар: қамауда отырған бір топ жеткіншек тәртіп сақшысын өлтірмек болған

Павлодар қаласындағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларды уақытша оқшаулау орталығында төтенше оқиға орын алды. Қамауда отырған бір топ жеткіншек қашып кетудің жоспарын құрып, тәртіп сақшысын өлтірмек болған. Олар алдымен психолог-инспекторды тұншықтырып, өлімші етіп сабаған. Ал жергілікті құқық қорғау орындары бұл деректі жылы жауып қоюға әрекет жасауда.

Ирина Вольнюк, зардап шегуші:

- Қамауда отырған Саладовников айқайлап жатыр: орындықпен басынан ұр!, - деп. «Біткен жерім осы» деп жатырмын. Соңғы есімде қалған сәт: “Сендер адам емессіңдер, біз «менттердің» кесірінен осында отырмыз, сондықтан сендерді өлтіру керек! ”,- деп ұрып жатыр.

Уақытша оқшаулау орталығында сол күні Иринамен бірге тағы бір әйел кезекшілікте болған. Қаскөйлер оған аяғы ауыр болғаны үшін ғана тиіспепті. Ал оқшаулау орталығының психологын 17 жастағы соқталдай 4 жігіт аяусыз тепкілеген.

Дархан Байжұманов, Павлодар облыстық ауруханасының дәрігері:

-1966 жылы туған Ирина Вольнюк бізге кешкі сағат тоғыздар шамасында жеткізілді. Алған соққыдан басына зақым келген. Қазір жағдайы ептеп жақсы деуге болады. Оған ұзақ уақыт психологтың көмегі қажет болады.

Ирина Вольнюк кезекшілікке қасына бір күзетші қосып беру туралы бірнеше мәрте басшыларға ұсыныс жасағанын айтады. Дегенмен кадр тапшылығын алға тартқан олар, бұл өтінішті орындамаған. Оның үстіне басшылық жәбірленушілерден орталықта болған оқиғаны ешкімге айтпауды сұрапты.

Бүгінде күдіктілердің қайда жүргені белгісіз. Тәртіп сақшылары жұмған аузын ашар емес. Төтенше оқиғаға бір апта уақыт өтсе де, тергеу-іздестіру шаралары енді ғана басталған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде