{metadescription}
Бішкекте кәсіпкер Әкпар Құдіретовты белгісіз біреулер атып кеткен
Бішкекте кәсіпкер Әкпар Құдіретовты белгісіз біреулер атып кеткен

Бішкекте кәсіпкер Әкпар Құдіретовты белгісіз біреулер атып кеткен

Қырғызстанда тапсырыспен кісі өлтірілді. Бішкектің орталығында таңғы сағат 4-тер шамасында кәсіпкер Әкпар Құдіретовты белгісіз біреулер атып кеткен. Құдіретов бұрын мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызмет атқарған. Оның қазаcы туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ. Дегенмен сарапшылар бұл оқиға алдағы президент сайлауымен байланысы болуы мүмкін деп отыр.

Ұйымдастырылған қастандық осы жылдың 14-наурызында мерт болған Қырғызстан парламентінің депутаты Санжарбек Қадірәлиевтың денесі табылған жерден 100 метрге жуық қашықтықта орын алды. Депутаттың жерлесі, кәсіпкер Әкбар Құдіретовті 7 рет атқан. Ауыр жарақат алған ол оқиға орнында көз жұмды.

Рахматолла Ахмедов, Қырғызстан ІІМ баспасөз хатшысы:

- Қылмыс болған жерден із кезушілер 7 рет оқ атылғаны жайлы нақты айғақтар тапты. Сондай-ақ, Макаров тапаншасының атылмаған 2 оғы табылды.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, қасақана ұйымдастырылған кісі өлімін бетперде киген екі белгісіз адам іске асырған. Жедел іске қосылған тәртіп сақшылары күдіктілер мінген көлікті қаланың сыртынан тауып алды. Дегенмен екі қылмыскер ізін суытып үлгеріпті.

Рахматолла Ахмедов, Қырғызстан ІІМ баспасөз хатшысы:

- Бүгінде автокөліктің кімге тиесілі екендігі анықталды. Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барып, қылмысқа қатысты адамдардың аты-жөні белгілі болуы мүмкін. Әзірге ешнәрсе айта алмаймын.

Аталған қастандық әрекетке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қырғызтан Ішкі істер министрлігі Құдіретовтің өлімі оның қызметімен байланысты екенін растап отыр. Ол бұрынғы мемлекеттік қызметі ме, әлде қазіргі айналысып жүрген кәсібіне қатысты ма, ол жағы белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде