{metadescription}
Маңғыстау: мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Маңғыстау: мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Маңғыстау: мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Маңғыстау облысында аса ірі көлемде мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті. Олар Сай-Өтес ауылында Өзен-Атырау магистралдік құбырын тесіп, мұнай ұрлап жатқан жерінде құрықталды.

Бекет Айтмағамбетов, ҚР ІІМ криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- КаМАЗ, 2 МАЗ, 3 КрАЗ-ды тиеп жатқан жерінде ұсталды. Әрі қарай барып қарағанда, 3 цистернаға мұнай толтырылған, ал қалған екеуі әзірге бос тұрған.

Полицейлер 9 адамды қамауға алды. Олардың екеуі – Түркменстан, біреуі – Өзбекстан азаматы болып шықты. Ал қалғандары Маңғыстау облысы мен Ақтөбе қаласының тұрғындары. Ұрылар шамамен 600 тонна мұнайды алып үлгерген. Қазір бұл топтың бұған дейінгі іс-әрекеттері тексеріліп жатыр. Криминалдық полицияның өкілі бұл қылмысқа «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлерінің де қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі, шикі мұнай теміржол вагондарына тиелуге дайын тұрған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде