{metadescription}
Алматыда жас ақын-жазушылардың кітаптары жарық көрді
Алматыда жас ақын-жазушылардың кітаптары жарық көрді

Алматыда жас ақын-жазушылардың кітаптары жарық көрді

Алматыда 21 жас ақын-жазушының кітаптары жарық көрді. Бүгін Жазушылар Одағында әр түрлі жанрларды қамтитын шығармалардың шығуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

2007 жылдың қыркүйегінде Баянауылда өткен жас ақын-жазушылардың алғашқы республикалық форумында 21 жас дарынның шығармалары іріктеліп, мемлекеттік тапсырыспен кітап шығаруға мүмкіндік берілген болатын. Проза мен поэзия жанрындағы кітаптар 5 баспа табақ болып жарыққа шықты. Әрқайсысы 80 беттен аспайды. Сондықтан кейбіріне шығармаларын қысқартып, белгіленген көлемге сыйғызуға тура келді. Оның ішінде 2 туынды сатира жанрында. Олар - Қанағат Әбілхайыр мен Қанат Ескендірдің жазған дүниелері. Сыншылар мен аға буын өкілдері жас дарындардың еңбектеріне жоғары баға берді.

Қанағат Әбілқайыр, жазушы:

- Тұңғыш кітап сатиралық жанрда жазылған. Қазіргі қоғамның келеңсіздіктері, ұлттың ұлт болуына кедергі келтіріп отырған қоғам мүшесінің бойындағы мінез-құлықты шама- шарқым келгенше әшкерелеуге тырыстым.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде