{metadescription}
«Қазақфильм» отандық киноөндірісіне ресейлік режиссерлерді тарта бастады
«Қазақфильм» отандық киноөндірісіне ресейлік режиссерлерді тарта бастады

«Қазақфильм» отандық киноөндірісіне ресейлік режиссерлерді тарта бастады

«Қазақфильм» отандық киноөндіріске ресейлік әртістерді қойып, енді көрші елдің режиссерлерін тартуға кірісті. Енді Егор Кончаловский ауған соғысына қатысқан даңқты қазақ жауынгерінің сәби кезінен ардагер атанған шағына дейінгі өмірін бір картинаға сиғызуды көздеп отыр. Фильм атыс-шабыс қана емес, сондай-ақ лирикалық сәттерге де қанық болмақ.

Ресейлік режиссер Егор Кончаловскийдің арманы орындалды десек, артық айтпаймыз. Алғаш 1998 жылы Алматыда өтетін кинофестивальдердің біріне қонақ боп келгенде-ақ: “Мұнда фильм түсірмей кетпеймін” деген. Енді оған коммерциялық жоба арқылы көздеген мақсатына жетуіне мүмкіндік туды. Осы сәтті пайдаланған Кончаловский болашақ картинаға өзінің сенімді түсірілім тобын тартпақ.

Егор Кончаловский, режиссер:

- Қоюшы-операторларым , атқарушы продюсерлерім бар. Сіздерге “Антикиллер”, “Антитеррор” фильмдерімен таныс. Бірақ басты рөлдерді қазақстандық әртістер сомдайды.

Кончаловский жаңа туынды осы тақырыпта түсірілген “9-шы рота” фильміне мүлдем ұқсамайтынын айтты. Картина ауған соғысында аты шыққан даңқты қолбасшылардың бірі, кезінде Ахмед Шах Масуд басына 1 млн. доллар сыйақы тағайындаған қара-майор - Борис Керімбаев жөнінде. Оның балалық шағынан қартайып ардагер атануына дейінгі кездері шым-шытырақ оқиғалар мен лирикаға толы. Басты рөлді сомдайтын актер екі аптадан кейін белгілі болмақ. Әзірге сценарий мен картинаның аты бекітілмеген.

Ермек Аманшаев, “Қазақфильм” АҚ президенті:

- Жұмысшы атауы -“Ауғандық”. Қазіргі күннің өзінде бірнеше нұсқалары бар. “Ауғандық”, “Қара майор”,“Жол” деген... Сценарийдің соңғы нүктесі қойылған күні фильмнің аты да белгілі болады. Қазір ізденіс үстіндеміз.

Жаңа фильм - коммерциялық жоба. ТМД аумағындағы киноайналымына түсетіндіктен, бастан-аяқ орыс тілінде болмақ. Оның түсірілімі күзде Алматы облысында басталады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде