{metadescription}
Индонезия аралының шығыс бөлігінде әскери-транпорттық ұшақ апатқа ұшырады
Индонезия аралының шығыс бөлігінде әскери-транпорттық ұшақ апатқа ұшырады

Индонезия аралының шығыс бөлігінде әскери-транпорттық ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін Индонезия аралының шығыс бөлігінде әскери-транпорттық ұшақ апатқа ұшырады. Әуе лайнерінің бортында 112 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Оның тек 15-і ғана аман қалды.

Ел астанасы Джакартадан ИСВАХИДИ әскери-әуе базасына бет алған “Геркулес-С-190” ұшағы Гаплак елдімекеніндегі тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Әзірге жергілікті екі тұрғынның құрбан болғаны мәлім. Қазір жедел құрылған арнайы үкіметтік комиссия апат себептерін анықтап жатыр. Оқиға орнынан табылған қара жәшік сараптамаға жіберілді. Индонезия әуе күштері таратқан ақпаратқа сәйкес, әуе апатына ұшақтағы ақау себеп болуы мүмкін. Куәгерлер ұшақтың жерге құламай тұрып, бір жақ қанатының сынғанын айтады. Сонда-ақ, әуе лайнерінің бортында кем дегенде 10 бүлдіршіннің болғаны анықталды. “Геркулес” маркалы әскери транпорттық ұшақ Индонезия әуе күштерінде 30 жылдан бері тіркеуде тұрған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.