{metadescription}
Оңтүстік Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақ хандығы» деп аталатын Қоғамдық қор Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр. Шымкентте болашақ жобаның таныстырылымы өтті.

Болашақ ескерткіштің биіктігі 17 метр болады деп жоспарланған. Құны 50 миллион теңге шамасында. Тастан қашалатын мүсіннің сыртына алтын жалатылуы да мүмкін. Дегенмен «Қазақ хандығы» қоры тек ескерткіш жобасын әзірлеуге рұқсат алған. Бірақ оның дәл қандай боларын жоба авторлары әлі нақты шешпепті. Әзірге оның үш нұсқасы қаралуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін екі жерде орнату көзделген. Бірі туған жері Шамалғанда, екіншісі Шымкент қаласында. Бұл Елбасының 70 жасқа толуына орай жасалатын сый болмақ.

Камалидин Дулатов, «Қазақ хандығы» Қоғамдық қорының президенті:

-Мерейтойға арналады. Елбасының 70 жылдығы келе жатыр. Басқа елдер қойып жатқанда, біз неге қоймаймыз деген ой туды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде