{metadescription}
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер  құрама командасы тұңғыш олимпиадалық ойындардың үш жолдамасын жеңіп алды
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер  құрама командасы тұңғыш олимпиадалық ойындардың үш жолдамасын жеңіп алды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрама командасы тұңғыш олимпиадалық ойындардың үш жолдамасын жеңіп алды

Ауыр атлетикадан еліміздің жасөспірімдер құрама командасы 2010-жылы жас өрендер арасында өтетін тұңғыш олимпиадалық ойындардың үш жолдамасын жеңіп алды. Мұндай нәтижеге Тайландтың Чианг Май қаласында мәресіне жеткен Азия додасында қол жеткіздік . Тай еліне жолы түскен жас ауыр атлеттеріміз 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль олжалап қайтты.

Бейжің олимпиадасында айды аспанға шығарған аға-апаларының ізін басып келе жатқан жас буын, қазақ ауыр атлетикасының мәртбесін тағы бір көтеріп тастады. Осыдан екі апта бұрын Талдықорған төрінде Азияның мықтылары сынға түсіп, жарыс нәтижесі бойынша 4 алтын, 3 қола медаль иеленген жерлестеріміз Бейжіңдегі жеңістің негізі мықты екенін дәлелдеп берген еді. Іле-шала Тай еліне аттанған еліміздің жасөспірімдер құрама командасы да қазақ ауыр атлетикасының абыройын асқақтатып қайтты. Тайланд корольдігі қабылдаған Азия чемпионатынан 1 алтын 4 күміс және қос қола медаль еншілеген команданың аға жаттықтырушысы Бақыт Ахметов пен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов және Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Күні кеше Бейжің олимпиадасында өнер көрсеткен Бақытты спорт сүйер қауым жақсы біледі. Кеше ғана зілтемір көтеріп жүрген танымал ауыр атлеттің бапкерлік жолындағы алғашқы қадамы да сәтті шыққаны қуантады. 2010 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы тұңғыш олимпиадалық ойындарға жол ашатын Азияның лицензиялық чемпионатынан Ибрагим Берсанов бас бәйге еншілесе, Игорь Ким, Александр Зайчиков, Яна Мыслейко күміс, ал Зульфия Чиншанло мен Ғалымбек Тілеуовтің еншісінде қола жүлде. Санаулы күндерден кейін еліміздің жастар құрама командасы Бухаресте жалауын көтеретін Әлем чемпионатына аттанады. Румынияға жолы түскен атлеттер арасынан 94 келіде бақ сынайтын Роман Русяновский мен 105 келі тартатын Айбол Алдабергеновтен үмітіміз бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде