{metadescription}
Еліміздегі тәжірибелі альпинистердің бірі - Сергей Самойлов қаза болды
Еліміздегі тәжірибелі альпинистердің бірі - Сергей Самойлов қаза болды

Еліміздегі тәжірибелі альпинистердің бірі - Сергей Самойлов қаза болды

“Қазақстандықтар әлемнің ең биік шыңдарында” атты бағдарламасы аясында Гималай тауларына аттанған отандық экспедициядан қайғылы хабар келіп түсті. Лходзе шыңын бағындыру кезінде тәжірибелі альпинистердің бірі Сергей Самойлов қаза болды.

Білікті альпинист соңғы 6 жылдың ішінде Алматы қалалық құтқару қызметінде жұмыс істеген. Кез-келген кәнігі альпинист сияқты Сергей Самойлов та әлемнің ең биік шыңы - Эвересті бағындыруды мақсат еткен. Сол арманын іске асыру жолында ержүрек спортшы өмірімен қоштасты. Естеріңізге салсақ, қазақстандық альпинистер 28-наурыз күні Гималайға аттанған еді. “Лходзе-Эверест 2009” экспедициясы 9 білікті маманнан жасақталған. Жерлестеріміз Гималайға барған сапарында ешкімнің аяғы баспаған “Лходзе-Эверест” траверсін таңдады. Жалпақ тілмен айтқанда, бұл - қатар жатқан екі шыңды бір әрекеттен бағындыру. Сергей Самойлов 2006-жылы “Алтын мұз шапқыш” сыйлығына ие болған. Сондай-ақ, ол жер бетіндегі “сегізмыңдық” шыңдардың бірнешеуін бағындыра алған санаулы спортшылардың бірі. Сергейдің мүрдесі әзірге Гималай тауына қойылады. Оның денесін еліне әкелу үшін күзде арнайы жасақ құру жоспарланып отыр. Альпинизм спорты тарихында есімі ерекше орын алған Сергей Самойловтың артында 3 баласы қалды.

Денис Урубко, Қазақстанның альпинизм федерациясының өкілі:

- Сейсенді күні Сергей Самойлов пен жанындағы екі әріптесі шыңды бағындыруға әрекет жасаған. Сол күні альпинистің қайда кеткені белгісіз, із-түссіз жоғалды. Оның мүрдесін тек келесі күні 6800 метр биіктікте таптық. Ал соңғы рет оны 7500 метр биіктіктен көрген. Сол күні қар қалың жауған еді. Көшкіннің астында қалған болуы керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде